Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12786831
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2649
4254
6903
12574557
105284
375712
12786831

Сіздің IP: 52.14.126.74
Уақыт: 2024-04-16 11:46:20

«Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері Республикалық Астрономиялық практикумына қатысты

Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума
Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума

2021 жылдың 28 ақпанынан 7 наурызына дейін мектеп оқушыларының физика, астрономия және космонавтика саласындағы білім деңгейін көтеру мақсатында «Бөбек» Ұлттық орталығының базасында Республикалық астропрактикум өтті. Әр аймақтардан физика мен астрономияға жаны құмар дарынды балалардан команда құрылды.

Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума
Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума

Павлодар облысының намысын М.Матаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері қорғады: Гайдунко Назар (М. Алимбаев ат.ЖОБМ), Манабаев Сарман (№21 ЖОМ), Сибилев Кирилл (№3 гимназия), Мельниченко Богдан (№1 ЖОМ), Браун Илья (№16 мектеп-лицейі).

Астропрактикумның барлық қатысушылары жас санаттарына сәйкес топтарға бөлді. Оқушылар сарайындағы астроклубта пысықталған тапсырмалар бұл практикумда кездесті. Іс-шара барысында біздің елдің жетекші астрофизиктері балаларға дәріс оқып, сабақ жүргізді.

Терещенко Владимир Михайлович - зерттеуші, физика-математика ғылымдарының кандидаты, 1969 жылдан бастап В.Г. Фесенков. атындағы астрофизикалық институттың ғылыми қызметкері. Ғылыми қызығушылығы: жұлдыздардың спектрофотометриясы, жұлдыз каталогтары. Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы - физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қызметкері.

Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума
Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума Ребята из астроклуба «Антарес» - участники Республиканского Астрономического практикума

Сабақтарды «Бөбек» ұлттық орталығы обсерваториясының қызметкерлері өткізді. Көптеген халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Ербатыр Тұрсынмен қызықты кездесу өтті. Ол балаларға мектеп оқушыларының астрономияны оқудың болашағы туралы баяндады, Ербатыр Америкада жеті жыл оқып, сол елде тұрады екен.

Астропрактикумның соңында үш кезеңнен тұратын теориялық, практикалық және бақылау тесттері өткізілді.

Павлодар астроклубының тәрбиеленушілері сынақтан жақсы нәтижелермен өткенін атап өтуге болады. Біздің команданың барлық мүшелері Республикалық Астропрактикумның сертификаттарына ие болды.

- Астропрактикумге қатысу - бұл адамның ғарышқа алғашқы ұшуының мерейтойы қарсаңында өтетін алдағы республикалық астрофизикалық олимпиадаға тамаша дайындық, - деді Антарес астроклубының жетекшісі Гүлнар Баубекова.

Түсініктемелер қосу