Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12811280
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
915
7542
31352
12574557
129733
375712
12811280

Сіздің IP: 18.118.12.222
Уақыт: 2024-04-20 03:29:46

«Антарес» астроклубы Халықаралық ғарыштық білім беру форумына қатысты

«Антарес» на Международном форуме по космическому образованию «Антарес» на Международном форуме по космическому образованию
«Антарес» на Международном форуме по космическому образованию «Антарес» на Международном форуме по космическому образованию

2021 жылы 7 сәуірде «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы «Ғарышқа жол» тақырыбында ғарыштық білім беру бойынша халықаралық форум өткізді. Форумға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің және облыстық Білім басқармаларының өкілдері, «Бөбек» ҰБҰО және «НИГРЧ» КЕАҚ қызметкерлері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, орта білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.

«Антарес» на Международном форуме по космическому образованию «Антарес» на Международном форуме по космическому образованию
«Антарес» на Международном форуме по космическому образованию «Антарес» на Международном форуме по космическому образованию

Форумда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы М. Т. Мелдебекова, «Бөбек» ұлттық орталығының бас атқарушы директоры Е. Н. Сакенова, «НИГРЧ» ұлттық орталығы президентінің міндетін атқарушы И. В. Калачева «Бөбек» орталығы Обсерваториясының директоры Р. Ф. Кудякова баяндамаларын оқыды.

Байқоңыр қаласынан тікелей эфирде Қазақстан Республикасының ғарышкері, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ вице-президенті Айдын Айымбетов болды.

Ол алғашқы адамның ғарышқа ұшуының келе жатқан алпыс жылдығымен құттықтап, ғарыштық білімнің маңыздылығын атап өтті.

Аталмыш іс-шарада шетел қонақтарынан «Г. М. Гречко ат. Нижний Новгород» планетарийінің директоры, п.ғ.д. Г. А. Муромцева (Ресей); Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасының үйлестірушісі В. И Загайнова (Канада); Тараса Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті физика факультетінің инженері (астрономия пәнінің оқытушысы) А. А Симон (Киев қ., Украина); техника бөлімінің меңгерушісі «Созвездие» астрономиялық клубының жетекшісі А. В. Шумейко (Бишкек қ, Қырғызстан) болды.

М. М. Катаев атындағы «Антарес» астроклубының тәрбиеленушісі Ерназар Шукенов форумда астроклубтың ғарыш саласын танымал ету үшін өз тәжірибесін ұсынды. Ерназарға форумға қатысу үлкен мәртебе мен мақтаныш болды. Жас астроном ғарыш білімінің аспектілері жайлы, астрономия мен космонавтика саласын зерттеп жүрген оқушылар туралы, осы саланың перспективаларына тоқталды.

«Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері Алматы қаласындағы «Бөбек» орталығының обсерваториясында жыл сайын өтетін Т.Омаров атындағы оқушыларға арналған республикалық астрономиялық жарысының тұрақты қатысушылары.

Түсініктемелер қосу