Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12802936
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
113
5749
23008
12574557
121389
375712
12802936

Сіздің IP: 3.16.47.14
Уақыт: 2024-04-19 00:16:19

Павлодарлық астрономдар – еліміздің ең үздіктері

Павлодарлық астрономдар – еліміздің ең үздіктері Павлодарлық астрономдар – еліміздің ең үздіктері
Павлодарлық астрономдар – еліміздің ең үздіктері Павлодарлық астрономдар – еліміздің ең үздіктері

2021 жылдың 4-10 қазан аралығында Алматы қаласында М.Абильдинов атындағы оқушыларға арналған «Адам. Жер. Ғалам» атты Қазақстан астрономиялық турнирінің жарысы өтті. Аталмыш іс-шараға еліміздің ең үздік астрофизик балалары жиналған болатын, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы жетекшілік еткен болатын.

Павлодарлық астрономдар – еліміздің ең үздіктері Павлодарлық астрономдар – еліміздің ең үздіктері 

Павлодарлық астрономдар – еліміздің ең үздіктері Павлодарлық астрономдар – еліміздің ең үздіктері

Турнир – бұл кешенді зерттеулер мен ғылыми мәселелерді талқылауға арналған қабілеттік бойынша мектеп оқушыларының командалық сайысы, онда мәселелердің шешімдерін сенімді түрде ұсыну қабілеті бағаланады, «астрожарыс» - оларды ғылыми пікірталаста қорғау, айта кетерлік, жарыстың кейбір тапсырмалары ағылшын тілінде болды.
Турнирге Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Павлодар және Алматы қалаларынан командалар қатысты. Жарыстың бірінші кезеңі іріктеу жекпе-жектері болса, содан кейін үздік қатысушылар жартылай финалға өтті.
Финалдық жекпе-жекке «Самопознание» гимназиясы және Алматы қаласының № 176 мектеп-гимназиясының командалары, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарының командасы, Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары қатысты.
М.Абильдинов атындағы оқушыларға арналған «Адам. Жер. Ғалам» атты Қазақстан астрономиялық турнирінің финалдық жекпе-жектің қортындысы бойынша бас жүлдені Павлодар облысының намысын қорғаған жетекшілері Гүлнәр Баубекова бастаған «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері жеңіп алды.
Командаға енген Кравчук Ярослава, Манабаев Сарман, Сибилев Кирилл, Браун Илья, Хасенов Аспандияр.
Қатысушыларға қызықты жарыстан басқа, астрофизикиктердің дәрістері, өткен жылдардағы астрофизика бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесу, «Медео» спорттық кешеніне экскурсия, Алматының тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Қортынды соныңда мерекелік концерт өткізілді.
- Байқаудың мақсаты – мектеп оқушыларына ғарыштық білім беруді дамыту және дарынды балаларды қолдау, сонымен қатар оқушылардың астрономия, физика және космонавтикаға қызығушылықтарын арттыру. Сарман, Илья, Кирилл бұған дейін Т.Омаров атындағы мектеп оқушыларының республикалық ғылыми жарыстарына қатысты. Дарынды балаларға арналған № 8 лицейдің оқушысы Ярослава біздің клубқа осы оқу жылында келген еді, бірақ оқудың басынан-ақ керемет нәтижелер мен білім көрсетті, - деп бөлісті клуб жетекшісі Гүлнәр Баубекова. - Біздің келесі мақсатымыз - Халықаралық турнирге қатысу.
Оқушылар сарайында Павлодар облысының мектеп оқушыларына арналған астрономия мен астрофизика бойынша онлайн сабақтар өткізу жоспарлануда, бұл сабақтар әркімге оқу жылы ішінде республикалық және халықаралық іс-шараларға іріктеу тураларына қатысуға мүмкіндік береді

Түсініктемелер қосу