Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17540173
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3202 10825 27731 17210852 460124 426494 17540173 Сіздің IP: 18.97.14.85
Уақыт: 2025-04-30 07:58:27
|
«Еліме арнау» балалар баспасөз орталықтары республикалық сайысының жеңімпаздары
2013 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен Президент күніне орай баспасөз-орталықтардың республикалық байқауы өткізілді.
Жақында көптен күткен хабар жетті. Сайыстың тележурналистика номинациясында Дәулет Бейсембайұлы Даирбаев жетекшілік ететін «Луч» шығармашылық бірлестігінің шәкірттері жеңімпаз атанды. Олар сайыс ережесіне сай әр түрлі тақырыптағы бірнеше бейнероликтер жіберген болатын: 1. «Шығармашылық-2013» техникалық шығармашылықтың облыстық көрмесінің өткізілуі туралы; 2. «Табысқа бастар жол» жобасы аясында өткізілген кездесу туралы; 3. «Атамұра-2013» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі туралы; 4. «Көктемнің мейірімділік апталығы-2013» акциясының ашылуы туралы сюжеттер. Жеңімпаз дипломдарымен «Луч» шығармашылық бірлестіктерінің келесі шәкірттері марапатталды: Дильназ Мудегеева, Ерганат Тлектесов, Аружан Темирова, Андрей Гритчин, Мунтаз Калыкова, Женис Темирболат, Асель Мусалиева, Ризат Рахимжанов, Мирхат Базарбек, Аязхан Нурмухамбетов, Маржан Султумбаева, Олжас Болатбаев. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!! |