Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17659411
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1188 14147 71061 17356200 110890 468472 17659411 Сіздің IP: 3.20.240.115
Уақыт: 2025-05-10 01:51:01
|
«Көк тудың желбірегені»
Сочидағы ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындары қарсанында 6 ақпан күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында ғылым мен техника бөлімінің қазақ және ағалшын тілінің педагогтері ұйымдастырған «Көк тудың желбірегені» атты бұқаралық шара өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты - әлемдік деңгейде өткізіліп жатқан ХХІІ Қысқы Олимпиада жөнінде балаларға кеңірек ақпарат беру және жас ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға насихаттау болатын. Балалар видеосюжеттер арқылы Олимпиаданың символдарымен, олардың әрқайсысының нені білдіретіні туралы, сонымен бірге олимпиада ойындарының шығу тегімен тереңірек танысты. Сабақ соңында Сочидағы ХХІІ Қысқы Олимпиадада еліміздің намысын қорғайтын атақты жерлестеріміз А.Пантов, Д.Усанова, А.Шевченко, А.Полтаранин жөнінде көлемді ақпарат берілді. Шара патриоттық әнмен, жерлестерімізге сәттілік тілеумен аяқталды. |