Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

17491939
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2761
23967
124845
17154813
411890
426494
17491939

Сіздің IP: 18.191.138.59
Уақыт: 2025-04-26 07:55:15

«TechFest-2025»: Павлодарлық оқушылар техникалық шеберліктерін көрсетті

«TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство «TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство
«TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство «TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство

11 сәуір күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында дарынды жастардың басын қосқан ерекше шара – облыстық техникалық шеберлік көрмесі «TechFest» өтті. Көрме ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту, оқушылардың конструкторлық қабілеттерін қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

«TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство «TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство 

2025.04.14 11 2025.04.14 12

Шараға Павлодар облысының жалпы білім беру мекемелерінен және қосымша білім беру ұйымдарынан бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар авиация, астрофизика және космонавтика салаларындағы макеттер мен үлгілерін көпшілік назарына ұсынды.
Көрме үш негізгі бағытты қамтыды:
– авиация (ұшақтар, тікұшақтар, ұшқышсыз аппараттар және т.б.);
– космонавтика және аэроғарыштық техника (зымырандар, спутниктер, ғарыш кемелері);
– астрофизика саласындағы зерттеу жобалары.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің ғылыми-техникалық білімі мен шығармашылық ойлауын нақты жобалар арқылы көрсетті. Әрбір жұмыс жас ізденіс пен еңбектің нәтижесі екені анық байқалды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрмелер жастардың болашақ мамандығын саналы таңдауға, техникалық ғылымдарға қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жас өнертапқыштарға өз жобаларын таныстырып, тәжірибе алмасуға жағдай жасайды.
«TechFest» көрмесі – бұл тек байқау емес, бұл – жастардың ғылымға, техника мен инновацияға деген ынтасын арттыратын маңызды алаң. Шара соңында қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

ДИПЛОМДАР МЕН СЕРТИФИКАТТАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ

 

 

Түсініктемелер қосу