Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24168900
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12721 29097 115825 23729737 480443 579883 24168900 Сіздің IP: 216.73.216.213
Уақыт: 2026-09-26 16:26:11
|
Павлодарлық жас астроном IAYC халықаралық лагеріне қатысады
Павлодар қаласының астрономияға құмар жоғары сынып оқушысы Мирали биыл жазда әлемнің ең беделді жас зерттеушілеріне арналған жобаларының бірі — International Astronomical Youth Camp (IAYC) халықаралық астрономиялық жастар лагеріне қатыспақ. Ол байқау негізінде іріктеуден сәтті өтіп, әлемнің 30-дан астам елінен жиналған жетпістей жаспен бірге бірегей ғылыми ортаға қосылады.
Миралидің ғарышқа деген қызығушылығы бұл оқиғадан әлдеқайда бұрын басталған. Ол — Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (химия-биология бағытындағы) 11-сынып оқушысы. Мектеп қабырғасында астрономиямен белсенді айналысып қана қоймай, өзі ұйымдастырған астрономия үйірмесінде қатарластарына білімін бөлісіп жүр. Сонымен қатар Мирали — М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы жанындағы «Антарес» астроклубының тәрбиеленушісі. Ол Павлодар облысының астрономиядан құрама командасының мүшесі және Республикалық Астротурнирде өңір намысын қорғаған.
|














