Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23384441
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11923 19831 105226 22989335 275867 322822 23384441 Сіздің IP: 216.73.217.94
Уақыт: 2026-08-15 16:04:54
|
«Шекарасыз әлемдегі Қазақстан балалары!» фестивалінің облыстық кезеңі қорытындыланды
2026 жылғы 1 сәуір мен 4 мамыр аралығында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының базасында «Шекарасыз әлемдегі Қазақстан балалары!» республикалық балалар киносы фестивалінің облыстық кезеңі өткізілді. Аталған шараға Павлодар облысының білім беру ұйымдарынан 43 оқушы қатысты. Фестивальдің мақсаты – балалар киносын қолдау және дамыту, жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін айқындап, жетілдіру, олардың өзін-өзі еркін танытуына жағдай жасау, кинематография арқылы білім алушылардың рухани-адамгершілік, эстетикалық және этикалық құндылықтарын қалыптастыру. Сонымен қатар, дарынды балалар мен жастарды анықтап, қолдау, олардың зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ету, қосымша біліммен қамтуды кеңейту көзделді.
|














