Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12838343
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
12397
4619
17016
12623686
156796
375712
12838343

Сіздің IP: 52.15.63.145
Уақыт: 2024-04-23 17:38:18

«Дарындар шоуы»

«Дарындар шоуы» «Дарындар шоуы»

2015 жылғы 5 қаңтарда Оқушылар сарайының кіші залында «Дарындар шоуы» бірінші қалалық тележобасының финалы өтті. Конкурсты ұйымдастырушы –«Луч» шығармашылық бірлестігі.

 

Мұндай жоба Оқушылар сарайында бірінші рет өткізілген болатын.Жоба телевизиялық пішімде болды. Конкурсты ұйымдастырған,фото- бейне түсірімді қамсыздандырған «Луч» шығармашылық бірлестігінің балалары. Биылғы маусымда конкурсқа тек қана Павлодар қаласының оқушылары қатысты. Бірақ келесі жылдан ұйымдастырушылар оны облыстық деңгейде өткізуге жоспарлаған.

«Дарындар шоуы» «Дарындар шоуы»

Қараша айында Сарайда іріктеу туры өткен. Қатысуға өтінім берген 18 баладан финалға 10 бала өтті. Олар: Еркебулан Өсербай (№2ЖББОМ), Карина Кабдылкаримова (№25ЖББОМ), Сергей Трехгубенко (№4ЖББОМ), Ирина Панова (№4ЖББОМ), Данияр Ильясов (Жас Дарын), Олжас Болатбаев, Султанбибарыс Омар және Мейр Мукушев (Жас Дарын), Жулдызай Ташенова (№21ЖББОМ), Наргиз Вахабжанова (№32ЖББОМ), Алена Вергейчик (№32ЖББОМ), Ботагоз Амангельды (№25ЖББОМ).

2015 жылғы 5 қаңтарда Сарайдың кіші залында «Дарындар шоуы»тележобасының финалдық туры өтті. Өкінішке орай, екі қатысушы(Ботагоз Амангельды және Ирина Панова) ауырып қалуына байланысты финалға қатыса алмады. Қалғандары 3-5 минутта өздерінің дайындықтарын көрсетуге тырысты. Қатысушалар барлық өнерлерін салды:ән айтты, би биледі, музыкалық аспапта орындады, өлеңді мәнерлеп оқыды, берілген уақытта кубик Рубик жинады, актерлық шеберлігін көрсетті.

«Дарындар шоуы» «Дарындар шоуы»

Залда көрермендер болған: олардың достары, ата-аналары және Сарайдың үйірмешілері мен педагогтары.

Сарайдың сайтында интернет дауыс беру арқылы жеңімпазды анықтайды. Марапаттау рәсімі 12 қаңтарда сағат 16.00-де болады. Барлық қатысушыларға «Дарындар шоуы» бірінші қалалық тележобасына қатысқаны туралы сертификаттабыс етіледі. Жеңімпаз дипломмен марапатталады.

Түсініктемелер қосу