Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12809221
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6398
5749
29293
12574557
127674
375712
12809221

Сіздің IP: 18.188.241.82
Уақыт: 2024-04-19 20:16:40

Екі сағаттық бақыт

Два часа счастья Два часа счастья

… Қазіргі таңда 29 қазан күні қандай мереке екенің, екінің бірі біле бермейтін шығар. Бұл күнге шынайы адамдар өте аз қалды:  Қазіргі заман жастары үшін комсомолдың туған күні, ерекше деп айтуға болмайды. Алайда, ардагерлер бұл күнді шынайы бақытпен, ал мүмкіндік туып жатса романтикалық сезімге бөленіп еске алады. Қалалық ардагерлердің кеңесі өздерінің кезекті кездесулерін  М.Катаев атындағы Павлодарлық оқушылар Сарайында кездейсоқ өткізген жоқ.

Жастарды тәрбиелеу және мәдени бұқаралық жұмысы бойынша комиссия төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы Валентина Васильевна Шершнёваның айтуы бойынша,  «Бәрің білгіміз келеді!» атты форматында өткізілетін лекториялар, қаланың және облыстың өміріне белсенді қатысып, болып жатқан жағдайларды білу, ардагерлер үшін зор мүмкіндік болып табылады.  Ардагерлер облысымыздың көптеген мекемелері мен кәсіпорындарында барып, жұмыстың ерекшеліктерімен танысты. Кеңестің басты мақсаты - патриоттық тәрбие, жастармен жұмыс жасау болып табылса, ал ардагерлердің біршамасы педагогикалық еңбектің ардагерлері.  

Сондықтан, Павлодарлық оқушылар Сарайының директоры Алма Жумабайқызы  Ерубаеваның, Сарай жұмысы туралы баяндамысын жиналған қауым бар ынталарымен тыңдады. Ілтипатты тыңдаушы қауым,  көрікті слайдтармен безендірілген, баяндамашының тек қана айтылған баяндамасын бағалап қоймай, сондай ақ, оның сенімді ақпаратымен, өзінің көріктілігіне де сүйсініп отырды.

Два часа счастья Два часа счастья

Әрине бұл кездесудің таңқаларлық мезгілі, Сарай бойынша өткізілген экскурсия болды.  37-ші туған күні қарсаңында, Сарай өз жетістіктерімен мақтана алатындай дәрежеге жетті.  Бұл жерде тарихты есте сақтап, құрмет тұтады. Біздің Сарай Кеңес Одағындағы жеті сарай секілді коммунистикалық сенбіліктерден түскен қаражат есебінде арнайы жоба бойынша салынды. Барлық қала тұрғындары Сарайдың құрылысына белсене қатысты.

1978 жылы 5 қараша күні Оқушылар Сарайының құрылысы аяқталып, пионерлер керемет сыйға ие болды. Бірқабатты кішкентай үйден ұстаздар ұжымы мен оқушылар кең, зәулім Сарайға орналасып, қазіргі таңға дейін Павлодар балаларының сүйікті орыны болып табылады. Сараймыз үш блоктан тұрады: оқу, театралдық және спорттық жалпы көлемі: 7736,9 кв.м. Оның материалдық базасы - 500 орынға жайғасқан 6 оқу кабинеттері, екі хореография залдары, кітапхана, компьютер сыныбы, 400 орынға арналған театралдық залы, және 150 орынға арналған конференц-зал, «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» атты мұражайы, әндер жазу студиясы, 5 вокалдық студия, қазақ ұлттық аспаптарының кабинеті, «Луч» киностудиясы, интерактивтік және жеті мультимедиялық құрылғылардың кабинеті бар.

Биылғы оқу жылында 3866-ға жуық тәрбиеленушілер әдістемелік, ғылым және техника, эстетикалық, көркемдік тәрбие, мектепке дейінгі оқыту бөлімдерінің студияларымен үйірмелерінде тәлім алады.

Два часа счастья Два часа счастья

Өткен жылда оқушыларды кең ауқымда қамту мақсатында Бектұров 14, көшесі бойынша  Оқушылар сарайының екінші ғимараты пайда болды.

Қонақтар үлкен қызығушылықпен Сарайдың «ғарыш бөлімінде» болды, бұл жерде ғылыми-техникалық бағыты бойынша арнайы жабдықтар мен оқу бағдарламалары бар фотостудия, робототехника үйірмесі, информатика сыныбы және «Антарес» астрономиялық клубының ұжымдары бар.

Өткен оқу жылында Сарай жұлдыздарға жақын орналасты. Бұл жерде тек қана астрономиялық бағыт пайда болмай, жеке обсерватория да ашылды. Ол оқушылар Сарайында ғылыми-техникалық бағыт бойынша жобасының іске асыру аясында және облыстық Әкімшілікпен Еуразиялық топтың меморандумымен қолданды. Монтаждық жұмыстарды Еуропаның мамандары жүргізді. Обсерватория күн көзін бақылау үшін үлкен күн телескобымен және экваторлық платформасы бар астрономиялық фотосуреттерді  түсіру үшін телескоп, аспан нысандарын бақылау үшін бейнетүсрілімі бар қондырғылармен жабдықталған.  

Обсерватория оқушыларға астрономия мен астрофизиканың негізін оқыту үшін, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқытушылардың ғылыми жұмыстарын жүргізу үшін бірегей оқу алаңына айналды.

Сәлден соң, қонақтар  көпжылдық іздеу жұмыстарымен облысымыздан танымал, «Аталар ардагерлер, немерелер іззерттегішткер» атты әскери Даңқ мұражайына аттанды.

«Жастық шақ бізбен әрқашан» атты кітабының авторы, Сарайдың ардагері Вера Саттарқызы  Шакиримова,  балалар және пионерлер қозғалысы мұражайында өткізген экскурсиясы өте әсерлі болды. Пионер формасы, галстуктер, барабандар, тіпті сыясауыт пен қаламның өзі де, қонақтарға алыстағы балалық шақтан рәміздік сәлемдеме болды. Экскурсия болса ерекше киносеанспен аяқталды. Қонақтар оқушылар Сарайының Астана қаласындағы кинотеатрына ұқсас, сфералық кинотеатрында болып қайтты.

Кездесуді есте сақтау үшін ардагерлерге Сарайдың оқушылары арнайы жасаған есте қалатын әдемі фотосуреттер табысталды.

Осы күні ардагерлердің оқушылар Сарайы туралы көріп білгендері, таңқаларлық жағдай болды. Олар қазіргі кездің жас жеткіншектері үшін жасалып жатқан дүниелер үшін қатты толқып қуанды.  

Қария қонақтар үшін, осынша Сарай қабырғасында уақытты көп өткізу, іс- шара ұйымдастырушыларының  қорқыныштары ақталған жоқ.  

«Біз қаламыз бен облысымыздың түкпір-түкпірінде болдық, және көргендерімізден әр түрлі әсер алатынбыз, - деді облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Надежда Михайловна Ахметзянова. – Бірақ, менім ойымша бүгінгі кездесу – екі сағаттық бақыт болды».

 

Түсініктемелер қосу