Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18272170
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3051 14948 17999 18010461 3051 386464 18272170 Сіздің IP: 216.73.216.153
Уақыт: 2025-07-01 04:54:49
|
Гагарин оқуларының астроном-жеңімпаздары
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 7 сәуір күні Мәскеуде өткен «Гагарин оқуларына» қатысушылары және жеңімпаздары «Антарес» астроном клубының тәрбиеленушілерімен баспасөз-конференциясы өтті. Жеңімпаз-астрономдар жергілікті телеканал тілшілеріне Халықаралық жастар конференциясы жайлы, атақты ғарыш саласының адамдарымен кездесу туралы, жүлделі орындары жайлы айтып берді.
«XLII Гагарин оқулары» атты Халықаралық жастар ғылыми конференциясы 2016 жылдың 31 наурыз күні Мәскеу қаласында өтті. «Антарес» астрономия клубының жас тәрбиеленушілері және олардың ғылыми жетекшілері Гүлнар Баубекова, аталмыш іс-шарада, Қазақстан елін астрономия бірлестіктері атынан жалғыз өздері таныстырды. 42-ші Гагарин оқуларына Мәскеу және Мәскеу облысының Калуга, Иваново, Курск, Тула қалаларының оқу орындарынан 120 бала қатысты. Ресей Федерациясынан келген жас ғалымдар өз жетістіктерін көрсету үшін келген. Павлодарлық «Антарес» клубының жас астрономы Еренғайып Қобланды «Жастар құрылымдық бюросының жұмыс жобасы» атты секциясында 2-ші орынға қол жеткізді. Ол «Ғарыш аппаратының жиналмалы моделі» атты баяндамасымен сөз сөйледі. Ал, Мұңайтпасов Қажымұқан да «Антарес» клубының жас астрономы, ол «Физика және математика» секциясында «Электромагниттік тездеткіш» атты жұмысын қорғады. Оның жеңісі II - ші орын. Қазылар алқасы қазақстандық оқушылардың дайындығын жоғары бағалады. Мәскеу авиация институты материалдар ғылым мен техника институтының директоры Александр Беспаловтың айтуынша, барлық жас талантты ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер осы конференцияға қатысып, болашақ мамандықтарына жол ашып, табысты апарады, - деді. |