Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654173
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9066
17782
113122
12290016
348338
367470
12654173

Сіздің IP: 34.206.64.143
Уақыт: 2024-03-29 18:51:54

Сарай тілшілері бақытты жұлдыз астыңда

Юнкоры Дворца под счастливой звездой Юнкоры Дворца под счастливой звездой
Юнкоры Дворца под счастливой звездой Юнкоры Дворца под счастливой звездой

«Бақытты жұлдыз астында: біз жаңа әлемде өмір сүреміз» атты 12-ші Халықаралық балалар және жастар қоғамдық бұқаралық ақпарттар құралдарының халықаралық медиафестивалі Астана қаласында 28-31 наурыз аралығында өтті. Павлодар облысы атынан бұл конкурсқа М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының журналистика студиясы, Балалар баспасөз-орталығы, «Қаламгер» баспасөз орталығы, «Луч» шығармашылық бірлестігі барды.

Фестиваль ұйымдастырушылары – «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика және политология факультеті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті. Төрт күндік фестивальдің бағдарламасында шеберлік-сыныптар, экскурсиялар, ЕҰУ-нің журналистика және политология факультетіне ашық есік күні, Тұңғыш президенттің мұражайына бару, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратына саяхат,  Казмедиа орталығына саяхат, «Казахстанская правда» және «Егеменді Қазақстан» республикалық газеттердің редакциясына бару болды.

Юнкоры Дворца под счастливой звездой Юнкоры Дворца под счастливой звездой
Юнкоры Дворца под счастливой звездой Юнкоры Дворца под счастливой звездой

Конкурс қортындысы бойынша  «Луч» шығармашылық бірлестігі «Ең үздік балалар қоғамдық бірлестігі» атты номинация бойынша бас жүлдені жеңіп алды, медиафестивалдің белсенді хабарлау үшін бас жүлде, ең үздік көрме және ең үздік презентация атты номинация бойынша I орын. «Баспа құралдары» атты номинациясында Павлодар облысының «Твой мир» балалар-жасөспірімдер газеті  I-орынға ие болды. «Пинг-понг» радиобағдарламасы, жетекшісі Елена Вайберт I, II және III-ші орындарға ие болды. Оқушылар сарайының  тәрбиеленушілері «Жас фотокорреспонденттер» атты номинациясында жеңімпаздар атанды. «Луч» студиясының тәрбиеленушілері жетекшілері Даулет Даирбаевпен бірге фестивалдің 4 күні туралы бейне репортаждар жасады. Фестивальдің соныңда 31 наурыз күні кездесу туралы фильм көрсетілді.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика және политология факультеті журналистика саласына жақын және қабілеті бар балаларды жоғарғы оқу орнына түсуге ынталандырды.  «Луч» орталығының тілшілері Алдияр Бекмырза мен  Асель Мусалиева Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетіне түсу үшін жеңілдік берілетін сертификаттарға ие болды. Оқушылар сарайының журналистика бағыты бойынша педагогтері Асем Аипова, Варвара Даирбаева, Елена Вайберт, Даулет Даирбаев «Наставники юнкоров» номинациясында дипломдарға ие болды.

«Луч» студиясының жетекшісі Даулет Даирбаев Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің атынан алғыс хатпен марапатталды. Елена Вайберт  «Жұлдыз» Балалар қоғамдық ұйымдарының одағының президенті Елены Дмитриенконың атынан «Алтын жұлдыз «Балалар Үшін» атты медаліне ие болды.

Түсініктемелер қосу