Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17523759
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11317 12894 11317 17210852 443710 426494 17523759 Сіздің IP: 3.22.79.2
Уақыт: 2025-04-28 18:29:31
|
Суретші-педагог Елена Каркавинаның «Түстер мозаикасы» көрмесі
23 сәуір күні Н. Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде суретші-педагог Елена Каркавинаның «Мозаика цвета» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті. Толықтырау: Суретші-педагог Елена Каркавинаның «Түстер мозаикасы» көрмесі Түсініктеме қосу
«Кәсіби қолдау және шабыт: жас мамандарға арналған семинар-практикум»
Аймақтағы білім берудің тәрбие саясатының міндеттерін іске асыру шеңберінде 17 сәуірде М.М.Қатаев атындағы Оқушылар сарайында «Теңгерімдегі тәрбие: мектеп, отбасы, қоғам жеке тұлғаны дамытудың бірыңғай кеңістігі ретінде» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті, Семинар 0 жылдан 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар тәрбие жұмысы жөніндегі директордың жас орынбасарларына арналды. Республикалық «Алтын қазына – 2025» көрме-байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
Павлодар облысы оқушыларының шығармашылығын дәріптеген жарқын оқиға – «Алтын қазына – 2025» республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. 11–20 наурыз аралығында Оқушылар сарайында өткен бұл байқау – жас дарындардың өнерін ұлықтап, қолөнер мен көркемдік талғамды жаңа белеске көтерген шынайы шабыт мерекесіне айналды. «TechFest-2025»: Павлодарлық оқушылар техникалық шеберліктерін көрсетті
11 сәуір күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында дарынды жастардың басын қосқан ерекше шара – облыстық техникалық шеберлік көрмесі «TechFest» өтті. Көрме ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту, оқушылардың конструкторлық қабілеттерін қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Республикалық «Astro Space School» Астротурнирі – еліміздің ең үздік жас астрофизиктерін біріктірді
12 сәуір – Ғарышкерлер күні Астанадағы Tamos School мектебінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен "Астана дарыны" орталығының қолдауымен ауқымды республикалық "Astro Space School" Астротурнирі өтті. Турнир астрофизика мен ғарышқа қызығушылық танытатын еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушыларды біріктірді. "Еріктілер күші – бірлікте" атты офлайн-идеялар байқауы
2025 жылдың 11 сәуір күні Оқушылар сарайында "Еріктілер күші – бірлікте" атты офлайн-идеялар байқауы өтті! «Менің бастамам – менің Отаным» байқауы Қазақстанның болашағы сенімді, ақылды және бастамашыл жас ұрпақтың қолында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Менің бастамам – менің Отаным» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық қашықтық турының қорытындысы. Облыстық қосымша білім беру жүйесіндегі хореографияны оқытудың әдістері мен формалары тақырыбындағы облыс хореографтарына арналған семинар
28 наурыз күні сағат 15.00-де «Mega Dance - 2025» жобасы аясында өткен «BI BILE» атты облыстық би фестиваль-байқауынан кейін облыс хореографтарына арналған «Қосымша білім беру жүйесінде хореографияны оқытудың әдістері мен формалары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстың 22 би ұжымының хореографы қатысты. "Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кинофестивалінің облыстық кезеңінің қорытындылары
2025 жылғы 17 ақпан мен 14 наурыз аралығында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында "Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кинофестивалінің облыстық кезеңі өтті. Оған облыстың мектептері мен лицейлерінен 43 оқушы қатысты. |