Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24933039
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 28927 21974 126728 24515114 341152 375807 24933039 Сіздің IP: 216.73.217.16
Уақыт: 2026-11-22 21:30:12
|
Жеңіске - диплом, өнерге - медаль
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық-би клубы «Би Бала» республикалық би конкурсында вальс билегені үшін бірінші орынға қол жеткізді. Павлодар қаласында «Би Бала» республикалық би конкурсы MEGA FESTIVAL.KZ фестиваль қозғалысы түрінде жыл сайын өткізіліп келеді. Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 3 жастан 35 жасқа дейінгі бишілер осымен төртінші рет би байқауына жиналып отыр. Бишілер байқауға заманауи билердің барлық түрлерін ұсынды: классикалық балеттен бастап көшеде билейтін вакинг билеріне дейін. Қалалық мәдениет сарайының сахнасында Виолетта Никитинаның жетекшілігімен «Анастасия» клубының сегіз би жұбы байқауға дайындаған «Анастасия» кинофильмінен алынған вен вальсін ұсынды. «Спорттық-балдық би» номинациясында ұжым бірінші дәрежелі дипломға қол жеткізіп, ал олардың бапкерлері Виолетта Никитина «Үздік хореограф» атты медальге ие болды. |














