Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21018500
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9458 13117 22575 20754862 352224 433954 21018500 Сіздің IP: 216.73.216.107
Уақыт: 2026-01-27 15:49:17
|
Беделді байқау жеңімпаздары
Оқушылар сарайының «Жұлдыздар» би студиясы Қазақстанның оңтүстік астанасынан екі бірдей би байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Ең алдымен жас бишілер беделді көп жанрлы барлық жас ерекшеліктеріне арналған «MEGA DANCE» би өнерінің Халықаралық конкурс-фестивальінде бақтарын сынады. Бұл байқаудың ұйымдастырушылары Еуропа, Ресей және Азия еліндегі Internationalunion «ART GLOBAL PRODUCTION» атты фестиваль-конкурс комитеті болған еді. Аталмыш байқауда павлодарлық ұжым бірінші және екінші дәреженің дипломанттары атанды. Дәл осы уақытта Алматы қаласында «ЭКЗЕРСИС» VII-ші би өнерінің Халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. «Жұлдыздар» студиясының жас таланттары бұл конкурста екі бірінші орын және бір екінші орын иегерлері атанды. «Жұлдыздар» студиясының жетекшісі Анжела Тактаулова өз тәрбиеленушілерімен «Якутяночка», «Чунга-чанга» және «Танец для Микки» атты үш бірдей би қойылымын дайындаған болатын. Павлодарлық би студиясынан конкурста жиырма бір бала өнер көрсетті. |














