Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеДополнительная информацияНаши посещения8008031
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 881 2288 3169 7823415 28374 206074 8008031 Ваш IP: 44.210.21.70
Время: 2022-08-09 07:22:57
|
«Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014»
15 сәуір күні «Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014» акциясына бастау берілді. Қала мектептеріндегі оқушылардан құралған еріктілер тобы М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының алдында жиналды. Оған барлығы - 22 мектеп, 262 бала қатысты. Акцияны қолдаушылар Ұлттық волонтерлік желі мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар Қанаты.
Жиынға қатысушы еріктілер топтары өткен жылдары осы акция барысында атқарылған істермен танысып, бүгінгі күнге арналған тапсырмаларын алды. Бұдан соң «Жақсылық жаса!» акциясы өткізілді. Акция барысында балалар көшеде кездескен адамдарға смайликтер, мейірімділік пен қайырымдылыққа шақыратын парақшалар таратты. «Көктемнің мейірімділік апталығы» аясында оқушылардан, студенттерден, жалпы жастардан құралған еріктілер жасақтары қайырымды істер жасайды. Қарттарға, ҰОС және еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне көмектеседі, мүмкіндігі шектеулі балаларға концерттер ұйымдастырады. Барлық қатысушыларды, біз де, жақсылық пен мейірімге толы істер жасауға шақырамыз. |