Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17689076
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 777 14392 777 17432108 140555 468472 17689076 Ваш IP: 3.145.75.74
Время: 2025-05-12 01:09:56
|
Моншақ және бояу әлемінде
«Әсемдік әлемінде 2016» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі келушілерге жарқын түстер мен шексіз қиял әлемін сыйлады. 18 мамыр күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында көрме ұйымдастырылды. Көрме қатысушылары болып эстетикалық тәрбие бөлімінің тәрбиеленушілері келді.
Осындай сарында эстетика бөлім ұжымдарының шығармашылық есеп беруі өтеді. Ағымдағы жылы 6 студиялар есеп берді. Олар: «Сюрприз» шығармашылық шеберханасы, «Декор» студиясы, «Палитра» және «Сымбат» бейне студиялары, «Сырмақ» және «Әсем-ай» ұлттық өнер студиялары. Студия жетекшілері көрме келушілеріне өз тәрбиеленушілерінің 82 жұмысын ұсынды. Экспонаттар арасында коллаждар, жүннен жасалған бұйымдар, моншақтан жасалған әшекейлер, жұмсақ ойыншықтар, керамикалық бұйымдар, мүсіндер тағы да бар. Жас шеберлер өз өнерлерін 16 қолданбалы-сән өнерінің бағыты бойынша орындады. Көрменің ашылуына эстетика бөлімінің 60 тәрбиеленушісі қатысты.
|