Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19894175 
	Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда  Өткен айда Барлық күндер 		4582 10747 15329 19628472 43214 494996 19894175 		Сіздің IP: 216.73.216.23 
	Уақыт: 2025-11-04 10:54:12 
 |              
            
            
            Республикалық конкурстың жеңімпаздарын құттықтаймыз!
 
 М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Сырмақ» ұлттық қол өнер студиясының тәрбиеленушілері 17 ақпаннан 11 наурыз аралығында Қарағанды қаласында өткен VI-ші ашық Республикалық «Өркен» балалар бейнелеу және сән-қолданбалы өнер конкурсының жеңімпаздары атанды. Аталмыш конкурс балалардың көркем шығармашылығын насихаттауға, дарынды балаларды анықтап, қолдауға, шығармашылық және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған. «Менің таңғажайып әлемім» «Сәндік – қолданбалы өнер» номинациясында Адуова Жансая 1-ші орын, Жолдасбек Аянат және Еркасова Дильназ 2-ші орынға, Мукатова Амира, Қадыр Мариям, Нурлан Камила 3-ші орынға ие болды. Ахметова Зинира, Апушева Дильназ, Дүйсенғали Аружан, Дюсенғали Гаухар «Қызықты жұмыстар» номинациясы бойынша дипломға қол жеткізді. «Сырмақ» студиясының жетекшісі Жагслах Дәуірбек жеңімпаздарды дайындаған үшін дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!  | 
            
                        
            














