Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24746594
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1014 15842 75238 24448750 154707 375807 24746594 Сіздің IP: 216.73.216.188
Уақыт: 2026-11-12 02:47:47
|
«Декупаж» деген не?
19 қаңтарда облыстық Оқушылар сарайында «Декор»студиясының жетекшісі Елена Леонидовна Мирзоян екінші жыл оқитын тәрбиеленушілермен ашық сабақ өткізді.Тақырыбы: «Декупаж» техникасында сәнді-қолданбалы жұмыстарды орындау ерекшелігі». Сабақтың негізгі мақсаты:декупаж техникасында сәндеу заттарды орындау ерекшеліктерімен таныстыру және бейнелілік ойлау элементтері арқылы «Декупаж»салфеткалық техникасының бастапқы кезеңнің тәсілдерін бекіту. Сабақ барысында оқушылар декупаж не екенін білді,қолданбалы өнердің бұл түрі қалай, қашан, неге пайда болды, Ресейде өнердің бұл түрі қашан енді, қазіргі уақытта «декупаж»өнеріне деген көзқарас қандай, салфеткалық техника арқылы қандай үстіңгі қабатты сәндеуге болатының білді. Практикалық бөлім өткізу кезінде оқушылар ағаш,шыны,керамика және металл заттарды декупаж техникасында рәсімдеуге тырысты. Жұмыстар өте ашық және ерекше орындалды. Қорытындысында мұндай жұмыс саны тоғыз болды, әр қайсысы туралы балалар әңгімелеп берді. |














