Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22586219
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7187 7481 21701 22358942 71035 338951 22586219 Сіздің IP: 216.73.217.134
Уақыт: 2026-06-10 15:57:01
|
«Көк тудың желбірегені»
Сочидағы ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындары қарсанында 6 ақпан күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында ғылым мен техника бөлімінің қазақ және ағалшын тілінің педагогтері ұйымдастырған «Көк тудың желбірегені» атты бұқаралық шара өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты - әлемдік деңгейде өткізіліп жатқан ХХІІ Қысқы Олимпиада жөнінде балаларға кеңірек ақпарат беру және жас ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға насихаттау болатын. Балалар видеосюжеттер арқылы Олимпиаданың символдарымен, олардың әрқайсысының нені білдіретіні туралы, сонымен бірге олимпиада ойындарының шығу тегімен тереңірек танысты. Сабақ соңында Сочидағы ХХІІ Қысқы Олимпиадада еліміздің намысын қорғайтын атақты жерлестеріміз А.Пантов, Д.Усанова, А.Шевченко, А.Полтаранин жөнінде көлемді ақпарат берілді. Шара патриоттық әнмен, жерлестерімізге сәттілік тілеумен аяқталды. |














