Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12815609
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5244
7542
35681
12574557
134062
375712
12815609

Сіздің IP: 18.222.115.120
Уақыт: 2024-04-20 19:17:26

Жазғы демалыстың көшбасшылық форматы

Лидерский формат летнего отдыха Лидерский формат летнего отдыха
Лидерский формат летнего отдыха Лидерский формат летнего отдыха

Бектұров көшесі бойында орналасқан М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Шуақты жаз - Радужное лето» жазғы экспрестің бағдарламасы жұмысын бастады. Бұл жазғы демалыс орынында профильдік отрядтардың балалары, «Жас Ұлан» жазғы отрядтары және мектепалды лагерьлері, «Тәуекел тобындағы» балалар мен жасөспірімдер, денсаулықтарында ақаулықтары бар балалар, сонымен қатар 10-17 жас аралығындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары болды.

Балалардың жазғы демалысын Оқушылар сарайы балалардың бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімінің педагогтары мен әдіскерлері үш бөлім бойынша ұйымдастырды. Бірінші бөлім «Көшбасшы форматы» деп аталды. Бұл бөлімде түрлі тренингтер, шебер-сыныптар өткізіліп, шығармашылық шеберханалар қарастырылған. «Жүргізушілер жетелейді» атты бөлімде педагогтар оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытады. Таза ауада және спорттық бөлмеде өткізілген спорттық және зияткерлік сайыстар «Шексіз ойындар» бөлімінде жалғасын тапты.

Журналисттердің қиын да, қызықты жұмыстарымен «Құрметті редакция» алаңында балалар танысты. «Сөз шебері» атты шығармашылық бөлімде жүргізушілердің қабілеттері ашылып, шеберліктері шыңдалады.

Жазғы жұмыстың шығармашылық форматында би – музыкалық және эстетикалық сабақтары өткізіледі. Балалар би билеп, тақырыптық мультфильмдерді тамашалайды. «Ұжымдық-шығармашылық іс» - бұл жазғы экспрестің үшінші бөлімі. Бұл жерде шебер-сыныптар мен тренингтерге қатысқан барлық балалар жиналып квест-ойындар ойнап, жүйріктіліктерін жарысқа салып, скаут ойындарына қатысып, экспресс-журналдар шығарады.

20 маусым күні Бектұров көшесі бойынша орналасқан облыстық Оқушылар сарайында профильдік лагерьдің бірінші маусымы аяқталады. Сондай-ақ 25 маусымнан бастап бағдарламаның бағыты бойынша аудандық жазғы лагерьлердің балдырғандары үшін лагерь жұмысы жалғасады. Қазіргі таңда «Шуақты жаз - Радужное лето» жазғы экспресс лагеріне жеті жүзге жуық оқушылар қатысты.

Түсініктемелер қосу