Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19895072 
	Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда  Өткен айда Барлық күндер 		5479 10747 16226 19628472 44111 494996 19895072 		Сіздің IP: 216.73.216.23 
	Уақыт: 2025-11-04 13:06:56 
 |              
            
            
            Ғарышпен тікелей байланыс
 10 қарашасында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында планетарийдің ашылуы өткізілді. Бұл Қазақстанда ашылған екінші кинотеатр. Біріншісі – Астанада орналасқан. Толық күмбезді кинотеатр павлодарлық балалар үшін нағыз сыйлық болып отыр. Ерекше кинотеатрдың алғашқы көрермендері – қала мектептерінің оқушылар мен мұғалімдері, Оқушылар сарайы үйірмелерінің тәрбиеленушілері. Олар әр түрлі фильмдердің үзінділері болып табылатын алғашқы көрсетілімді қызыға тамашалады. Жақында балаларды жоспарлы кино көрсетілімдері күтіп отыр: жас көрермендер сфераның ішінде болып, күмбезге бағытталып көрсетілетін, астрономия, физика, биология, геология бөлімдерінен тұратын ғарыш туралы, ғаламшарлар жайлы оқу-танымдық және ғылыми фильмдер тамашалайды. «Сфералық кинотеатр облыстық әкімдік пен Қазақстанның тау-кен өндірісінің көшбасшыларының бірі болып табылатын Евразиялық Топпен жасаған меморандум негізінде облыстық Оқушылар сарайында ғылыми-техникалық бағытты дамыту жобасын жүзеге асыру мақсатымен ашылып отыр», - дейді облыстық Оқушылар сарайының директоры Алма Жұмабаевна Ерубаева. Ғаламшарлар, жұлдыздар және басқа да ғарыштық объектілер көрсетілетін дәстүрлі планетарийларға қарағанда, бұл құрылыстың ерекшелігі - арнайы проекторлар арқылы 180 градустан 360 градусқа дейін шолу жасалып, күмбезге шығарылатын толыққанды кино көрсетуінде. Көзәйнексіз тамашалауға болатын 3D. Көп функционалды толық күмбезді сандық жүйе – планетарий және керемет шоу. Күмбездің диаметрі – 7 метрден көп, ал экранның диаметрі – 8 метр, биіктігі – 4 метрден жоғары. Бұл ерекше көрермендерге арналған зал 4 арнайы қорғаныс қабаттарынан тұратын, қозғалмалы, мобильді құрылым.  | 
            
                        
            














